Halyq Uni логотип
×

Гарри ханзада 25 адамды өлтіргенін мойындады

Бұған қанағаттанған жоқпын,- дейді ол

 Дастан Жұмабекұлы 06.01.2023 | 16:10
Гарри ханзада 25 адамды өлтіргенін мойындады
фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігінің ханзадасы Гарри Ауғанстанда қанша адамды өлтіргенін естелік кітабында жазды. Кітап жақын арада жарық көреді.

Ол Ауғанстанда қызмет еткен жылдары 25 адамды өлтіргенін мойындады. Бұл туралы Sky News хабарлады.

Ханзаданың «Spare» естелік кітабы 10 қаңтарда жарыққа шығады. Қазір кейбір басылымдар кітаптан үзінді жариялай бастады.

Мен жаудың қанша жауынгерін өлтіргенімді айта алатынмын. 25 адамды өлтірдім. Бұған қанағаттанған да, ұялған да жоқпын, –  деді ол «Spare» кітабында.

Қазір оның бұл кітабы король отбасына ұнамауы мүмкін екені айтылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама