Грузияда халық Саакашвилидің босатылуын талап етуде

Дастан Жұмабекұлы

Қазір экс-президенттің жағдайы өте қиын

фото: ашық дереккөз

Грузияның бірнеше қаласында халық экс-президент Михаил Саакашвилидің шетелде емделуі үшін түрмеден босатылуын талап етіп, шеруге шықты.

«Mtavari Channel» телеарнасының хабарлауынша, наразылық акциясының кейбіреуін Грузияның оппозициялық Біріккен Ұлттық әрекет партиясының мүшелері, ал халықаралық шерулерді адвокат және құқық қорғаушы Марк Фейгин ұйымдастырған.

Шеруге адамдар «Вивамед» клиникасында жатқан Саакашвилиді босатуды талап еткен плакаттарды ұстап шыққан. Олардың айтуынша, оның жағдайы өте қиын, егер билік оны тез арада шетелге жібермесе, қайтыс болуы мүмкін.