Бас прокурор: Мәсімов – басты ұйымдастырушы, Самат Әбіш – куәгер

Дәурен Ерболат

Берік Асылов каңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысын атады

коллаж: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қаңтар оқиғасын басты ұйымдастырушылардың бірі деп айтуға болады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты.

«Мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалды. Бұған дейін айтқандай, негізгі ұйымдастырушылар ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Журналистер Бас прокурор Берік Асыловтан «Тергеу бойынша Мәсімов басты ұйымдастырушы ма?» деп сұрады. Асылов «Солай деп айтуға болады», - деп қысқа қайырды.

Сондай-ақ Бас прокурор Берік Асылов ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен тек куәгер ретінде жауап алынғанын, басқа ешқандай шара қолданылмағанын айтты.