Қаңтар оқиғасына бір жыл толды
Қаңтар оқиғасын жоғары лауазымды адамдар мен қылмыстық топтың мүшелері ұйымдастырды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қаңтар оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндіріп, бәрімізге үлкен сын болды. Сіздерге келіп отырған басты себебіміз – болған оқиғаға заңды баға беру. Сіздер арқылы ақпаратты отандарымызға жеткізу. Бүгінде қолымызда толық мәлімет бар. Тергеу органдары оқиға хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың үстінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері де болды. Қаза тапқандардың бәрінің кім екенін, олардың қайтыс болу себептерін зерттедік. Қару-жарақты іздеу ұйымдастырып жатырмыз», - деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетейік, 2022 жылдың тамызында Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімін жариялады. Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапқан.