×

Ресейде Макеевкадағы жағдай талқыланып жатыр

Қауіпсіздік кеңесі 312 адамның қаза тауып, 157 сарбаздың жараланғанын баяндады

 Дастан Жұмабекұлы 04.01.2023 | 11:34
фото: ашық дереккөз

Ресейде Донецк облысының Макеевка қаласындағы казармада жүздеген Ресей сарбазының жойылып кетуі енді талқыға түсті. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.

Украина Қарулы күштерінің Донецк облысының басқыншылар басып алған Макеевка қаласындағы «нысанаға» берген соққысы Путиннің айналасында енді ғана алабөтен талас-тартысты туғызып жатыр, – делінген хабарламада.

Бас штаб президентке бұл «инцидент» туралы арада 8 сағат өткеннен кейін ғана хабарлаған. Әуелде Путиннің мерекелік көңіл-күйін бұзғылары келмеген. Соңынан оның өзі дәрі ішіп, ұйықтап қалып, дәрігерлер оны мазаламауды сұраған.

Әскерилердің бірінші баяндауларында соққының салдарынан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер саны 88 адам деп көрсетілген. Ал қауіпсіздік кеңесі желісі бойынша «кемінде 257 адамның қаза тапқаны және жоғалып кеткені» жеткізілген.

Соңғы цифр бойынша, Путин 1 қаңтар күні дереу күштік және әскери блок басшылары өкілдерімен жиын өткізген. Кеңес кезінде бас штаб шығынды 105 адам деп көрсетсе, Патрушев ( РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, - ред.) кемінде 290 адамның опат болғанын айтып қалған.

Осыдан кейін Путин әскери блок басшылығына болған оқиға жөнінде ұңғыл-шұңғылына дейін баяндайтын есеп әзірлеуді және шығынның нақты көлемін жасырмай айтуды тапсырған.

Кеше Украина Қарулы күштерінің Макеевкаға берген соққысы жайында бірнеше баяндама президентке тапсырылған. Оларды Қорғаныс министрлігі, Бас штаб, Федералды қауіпсіздік қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Президент әкімшілігі, Тергеу комитеті және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев дайындаған. Бұлардың әрбірінде әртүрлі цифрлар атап көрсетілген.

Қорытындыда Путин шындыққа мейлінше жақыны ретінде Қауіпсіздік кеңесінің версиясын негізге алды. Ал Патрушевтің баяндамасында Украина Қарулы күштерінің Макеевкадағы базаға берген соққысынан 312 адамның қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткені, тағы 157 адамның жарақат алып қалғаны баяндалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама