×

Ресей өз Ұлттық қорын юаньға көшіреді

Енді РФ АҚШ пен Еуропаның валюталарынан бас тартқанымен Қытайға кіріптар болуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 29.12.2022 | 10:29
фото: gazeta.ru

Ресейдің суверенді қоры –  Ұлттық әл-ауқат қоры барлық доллар/еуролық валюта номиналдарын юаньға ауыстырады. Бұл туралы РФ Қаржы министрі Антон Силуанов айтты.

Қазір қорда 188 млрд доллардың активтері бар. Ереже бойынша 2023 жылдан бастап Ұлттық қордағы ақша түгел юаньда болуға тиіс.

Ресей осы арқылы қолда бар активтерін сақтап қалғысы келеді. Бірақ АҚШ пен Еуропаның валюталарынан бас тартқанымен, олар Қытайға кіріптар болуы мүмкін. Енді Қытай Ресейдің бар активтерін бұғаттауға іс жүзінде мүмкіндік алып, ұлттық қордағы юаньды кез келген келіссөзде ықпал ету құралына айналдыра алады.

Ұлттық қор Қазақстанда да бар. Ол толық доллармен номинацияланған. Оның активтерінің қазіргі көлемі 53 млрд доллар шамасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама