Halyq Uni логотип
×

Нақты нәтижесі болмайтын басшылар басқа адамдарға ауыстырылады – Сенат төрағасы

Ескі кадрлар қырағы бақылауға алынған

 Динара Амантай 24.12.2022 | 16:42

Әкімдердің әлі командалық жүйемен жүруі және Ақордаға өтірік есеп беруі. Бұның бәрі жергілікті басшылардың дағдысына айналғалы қашан. Міне, осындай жағдайда жаңа Қазақстанның жаңа әкімдері қандай болуы тиіс? «Сұрауы бар» ютуб арнасына сұхбат берген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа осы сұраққа қойылды. Спикер нақты нәтижесі болмайтын басшыларды дереу басқа адамдарға ауыстырамыз деп ескертіп отыр.

Бұл жерде әкімдердің бәрі дұрыс жұмыс істемей жатыр деп айту артық болар. Жаңа адамдар жоқ деу де шындық емес. Осы жылдың басынан қарасақ біздің біраз әкімдеріміз ауысты. Соңғы айларда да бірнеше әкімнің ауысқанын білесіздер. Егер жұмыс істемей, қателік жіберіп жатқан әкімдер болса, жауапкершілікке тартылып, жұмыстан кетіп жатыр. Павлодар әкімінің жұмысынан босатылғанын білесіздер, - дейді спикер.

Дегенмен, орнында қалған ескі кадрлар қырағы бақылауға алынған.  

Бірақ жергілікті органдардың жұмысын күшейтіп, нақтылау керектігін жақында Президентіміз Үкіметтің кеңейтілген отырысында да айтты. Сондықтан енді әкімдер мен министрлердің жұмысы сыртқы формасы емес, ішкі жұмыстарымен айқындалады деп айтқанын бәріміз білеміз. Халық та биліктен нақты нәтижелер күтіп отыр. Соны қамтамасыз етуіміз керек. Талаптар қандай? Бағаны тұрақтандыру, жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын көбейту, экономиканы дамыту, кәсіпкерлікке мүмкіндіктер жасау. Енді осыны Үкімет пен әкімдер орындауы керек. Егер нақты нәтижесі болмай жатса, басқа адамға ауыстырылады. Сондықтан ешкім ауыспай, орындарында 10-даған жыл отыр деген мәселе жоқ. Оған жібермейміз де, - дейді Мәулен Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама