Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның заңдары әйел құқығын елемейді – белсенді

 Айнұр Шошаева 24.12.2022 | 16:02
Қазақстанның заңдары әйел құқығын елемейді – белсенді
Фото: 9111.ru

Елімізде тұрмыстық зорлық зомдылық көрген әйелдер шетелге кетіп жатыр. Бұл туралы «Немолчи» қоғамдық қорының директоры Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq uni

Өткен жылы біздің командамыз бір әйелге ҚР ҚК 106-бабы бойынша түрмеден құтылуға көмектесті. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Әлемде әлі де әділеттілік бар. Қазір ол әйелдің қауіпсіз жерде тұрып жатқанына қуаныштымыз. Біз қорғаған әйелдердің көбі елден кетіп жатыр. Әйелдер сот үкімі, тіпті кейде мемлекеттің қорғауын күтпестен балаларын алып, бәрін тастап кетіп жатыр», деп жазды ол. 

Оның айтуынша, шетелге кеткен әйелдер Америка, Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Грузияда және әлемнің басқа елдерінде тұрады. 

Кеткеніне әлі ешкім өкінген жоқ. Жақында біз 2018 жылы көмектескен қызылордалық әйел жазды, ол бүгінде Францияда тұрады. Айтуынша, қазір оның елде қалған әпкесі зорлық-зомбылық көріп жүр. Соны өзінің қасына, қауіпсіз жерге алып кеткісі келеді. Қазақстанның заңдары әйелдердің құқықтарын елемейді, ал агрессорлар мұны жақсы біледі және пайдаланады.  Біз зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеуіміз керек, Балаларымыз агрессивті ортада өспеуі керек. Ол үшін мәселені заңнамалық түрде шешу қажет, – деп қосты Дина Таңсәрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама