×

Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын негізгі институтқа айналады – Мәулен Әшімбаев

Заң шығарушы органға қосымша құзыреттер берілді

 Динара Амантай 24.12.2022 | 12:03

Қазақстан унитарлық мемлекет. Сондықтан оған Мәжіліс және Сенат деп екіге бөлінетін Парламент керек пе? Мәжіліс қалып, Сенат таратылуы тиіс. Бүгінде қоғам арасында заң шығарушы органға қатысты осындай пікір жиі айтылады. «Сұрауы бар» ютуб арнасына сұхбат берген Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осы сұраққа жауап беріп, соңғы нүктесін қойды.

Сенат біздің мемлекетке керек пе, керек жоқ па?» деген сұрақ қойып отырсыз. Мемлекетімізге Сенат сияқты тұрақтылыққа жұмыс істейтін институттар өте қажет. Реформалардың нәтижесінде Сенаттың құзыреті де кеңейіп жатыр. Басымдылықтар да өзгеруде. Енді Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын негізгі институт болады. Жоспарымызды қайта қарап жатырмыз. Өңірлердің дамуына басымдылықты береміз. Халықтың 40 пайызы ауылда тұрады. Шешілмеген мәселе көп екені белгілі. Бұл басты мақсатымыз, - дейді спикер.

Оның үстіне, 2022 жылы өткен референдумда Сенатқа қосымша құзыреттер берілген.

Екінші жағынан мәжілістен келіп жатқан заңдарды енді сенат жалпы мүдде тұрғысынан сараптап отырады. Сөйтіп, маңызды өзгерістер жасаймыз деп отырмыз. Өз шешімдерін тұрақты айтады. Керек болса, қабылдап жатқан заңдарға тиісті өзгерістерді де енгіземіз», - дейді Мәулен Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама