Halyq Uni логотип
×

Екібастұз тұрғындары бүлінген пәтерлерінің дұрыс жөнделмей жатқанын жеткізді

Ал мекеме басшысы тұрғындардың сөзін жоққа шығарып отыр

 Еркеғали Болатұлы 23.12.2022 | 10:30
Екібастұз тұрғындары бүлінген пәтерлерінің дұрыс жөнделмей жатқанын жеткізді
фото: tengrinews.kz

Екібастұзда апат кезінде бүлінген 50 пәтерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алайда жөндеу жұмыстары тұрғындардың көңілінен шықпай жатыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Себебі астаң-кестеңі шыққан үйді жөндеп беруге тиіс жылу орталығы қажетті материалдарымыз жоқ деп сылтауратқан. Енді тұрғындар жарамсыз болып қалған пәтерлерін кім жөндеп берерін білмей дал.

Айта кетсек, Екібастұздағы апат кезінде бүлінген 50 пәтердің шығынын жылу электр орталығы қалпына келтіруге міндеттелген болатын. Қазір «барлығын жөндеп жатырмыз» деген мекеме басшысы тұрғындардың сөзін жоққа шығарып отыр.

Қазір апаттан көп зақым келген 50-ден аса пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы 10 пәтердің жөндеуін осы аптаның соңында аяқтаймыз. Ары қарай жұмыстар жалғасады. Қажетті құрылыс материалдары толықтай жеткілікті, - деді «Павлодарэнерго» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.

Екібастұзда қазір барлық үйге жылу берілген. Алайда тұрғындар пәтерлерінің әлі жылынбай жатқанына қапалы. Олар қазіргі жөндеу жұмыстары созбалаңға салынып кете ме деп алаңдайды. Айтуларынша, әкімдік пен жылу орталығы мәселені бір-біріне сілтеп, тұрғындарды сандалтып қойған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама