×

Ресеймен соғысуға дайынбыз! – Финляндияның қорғаныс күштерінің қолбасшысы

Қарулы қақтығысқа 280 мың сарбаз қатыса алады

 Дастан Жұмабекұлы 22.12.2022 | 17:18
фото: helsinginuutiset.fi

Дәл қазір Финляндияның армиясы Украина секілді соғысуға сақадай сай тұр. Бұл туралы елдің қорғаныс күштерінің қолбасшысы, генерал Тимо Кивинен Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Біз де дәл қазір Украинадағыдай соғысуға қабілеттіміз. Айтарлықтай қорғаныс қабілетіміз бар, –  деді ол.

Генерал қазір Финляндия жан басына шаққандағы «Еуропадағы ең үлкен от қуатына ие» екенін, өз елінің әлі күнге НАТО-ға кірмегеніне көңілі толмайтынын айтқан.

«Біз қазірдің өзінде НАТО-ға мүше болуға керекті әскери критерийлерге жауап береміз. Қорғаныс шығындарымыз жалпы ішкі өнімнің 2 пайызы болады», –  деді Тимо Кивинен.

Сондай-ақ ол елде Франция мен Германияның артиллериясынан көп артиллерия бар екенін, қарулы қақтығыс болған жағдайда 280 мыңға дейін сарбазды жұмылдыра алатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама