«Менің перзентім шет тілдерін біледі, ана тілін білмейді» деген сөз – жаңа Өзбекстанға жат
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев кеше Парламентте жариялаған Жолдауында ана тілін білудің маңызды екенін айрықша атап өтті. Бұл туралы gazeta.uz хабарлады.
Оның айтуынша, «менің перзентім шет тілдерін біледі, ана тілін білмейді» деген сөз – жаңа Өзбекстанға жат. Сондықтан Жолдауды оқу барысында ана тілін (өзбек тілін) білуге ерекше назар аударудың маңызды екенін атап өтті.
Ұлттық ерекшелігіміздің нышаны болған, руханиятымыздың негізі болған ана тілімізге назар аудару күшейтіледі. Әлбетте, отбасында біз шет тілін де білуіміз керек, бұл – заман талабы. Бірақ ана тілін білуді міндет етуіміз керек. Міндетті! – деді президент.