Halyq Uni логотип
×

«Тінту куәгерлердің қатысуымен өтті»: Бас прокуратура Михаил Козачков туралы айтты

Танымал журналиске бірнеше айып тағылып отыр

 Дәурен Ерболат 21.12.2022 | 12:09
«Тінту куәгерлердің қатысуымен өтті»: Бас прокуратура Михаил Козачков туралы айтты
Михаил Козачков, фото: ашық дереккөзден

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев 18 желтоқсанда ұсталған танымал журналист Михаил Козачковқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қаржылық мониторинг агенттігі журналистің ісіне қатысты жеткілікті ақпарат берген.

«Президенттің Бас прокурорға берген тапсырмасына сәйкес, бүгінде істі жүргізетін топ пен прокурорға қоғамдық ұйымдардың және адвокаттардың барлық дәлелі мен өтінішін толық зерделеу тапсырылғанын қосымша айтқым келеді. Бұл топ аталған мәселелер бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді Жандос Өмірәлиев.

Бас прокурордың орынбасары журналист Михаил Козачков ұсталған күні тінту қалай жүргізілгенін айтты.

Сол күні жұбайының қатысуымен (оның үйінде – авт.) тінту жүргізілді. Соттың санкциясы бойынша тінту куәгерлердің қатысуымен өтті. Үйді тінту процесі видеоға түсірілді. Қазір бұл қылмыстық істі қадағалауды Алматы қаласының прокуратурасы жүргізеді, - деді Бас прокурордың орынбасары.

20 желтоқсанда Алматы қаласының тергеу соты журналист Михаил Козачковты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының мәліметінше, Михаил Козачков ұйымдасқан топқа қатысты (ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), рейдерлік жасады (ҚР ҚК-нің 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен (ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі) айналысты деген күдікке ілініп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама