×

Министр жылу электр орталығы мамандарының айлығын айтты

Оның айтуынша, мамандар айлық аз болған соң жұмысқа қызықпайды

 Дастан Жұмабекұлы 20.12.2022 | 12:34
фото: ашық дереккөз

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында жылу электр орталықтарындағы мамандардың айлығын айтты.

Оның айтуынша, жылу электр орталықтарындағы мамандардың тапшылығы аз айлыққа байланысты болып отыр.

2021 жылы еліміздегі жылу электр орталығындағы мамандардың орташа жалақысы 224 100 теңге болды. Өздеріңіз білетіндей, жылу электр орталығында шығындар жылу және электр энергиясы бойынша бөлінеді. Жылу электр орталықтарында жылу энергиясының тарифтерінде 5% жыл сайынғы еңбекақы төлеу қорын өсіруге бағытталады. Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді қарау кезінде электр энергиясын өндіруге тартылған персонал жалақысын 15% өсіруді көздеді, –  деді Болат Ақшолақов.

Оның айтуына қарағанда, елдегі жылу-электр орталықтарының 76 пайызы тозған. Ал бір ЖЭО-ның орташа пайдалану мерзімі – 61 жыл. Олардың шамамен 76%-ы 50 жылдан аса уақыт жұмыс істеп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама