×

Мессидің финалдағы голы есептелмеуі керек  – БАҚ

Аргентина командасының қосалқы құрамы алаңға шығып кеткен, – делінген француз басылымында

 Дастан Жұмабекұлы 20.12.2022 | 10:36
фото: ашық дереккөз

L’Equipe газеті Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының финалында Мессидің 108-минутта Франция қақпасына салған голы есептелмеуі керек деген материал жариялады.

Кездесудің қосымша уақытында есеп 2:2 болып тұрғанда Лионель Мессидің голы Аргентина құрамасын алға шығарған еді. Осы голдан кейін оңтүстікамерикалықтардың қосалқы құрамының ойыншылары қуанып, алаңға шығып кеткен болатын. 

Льористің сейвінен кейін Месси гол салғанда Аргентина құрамасы қосалқы құрамының ойыншылары эмоцияға беріліп, алаңға шығып кетті. Олар жеңісті тойлауға дайын болды.

Бұған қатаң тыйым салыну керек еді. «Төреші гол салынғаннан кейін алаңда бөгде адам болғанын байқаса, голды есепке алмауы керек» деп ереженің 9-пунктінде көрсетілген. Сондықтан төреші ойынды дереу тоқтатып, Аргентина құрамасын алаңға шыққан қосалқы құрамы үшін жазалауы керек еді, –  делінген франциялық басылымда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама