×

Тұңғыш президент туралы заңнан да басқа мәселелер бар – Әділет министрі

Бұған дейін ведомство басшысы Тұңғыш президент туралы заң қашан күшін жоятынын айтқан

 Дәурен Ерболат 19.12.2022 | 12:36
Фото: Reuters

Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда «Тұңғыш президент туралы» заңнан да басқа маңызды мәселелер барын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиыннан кейін журналистер Әділет министі Қанат Мусинге: «Тұңғыш президент туралы заңды түсіндіріңізші. Ол заңның күшін жою үшін неге оны қабылдау керек? Сонда бұл заңның күші болмаған ба?» деген сұрақ қойды.

Сіз дұрыс түсінген жоқсыз. Заңның күші Парламенттің қаулысымен жойылады. Парламент бізде заңды қабылдайды. Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою үшін тиісті заң қабылданып, қаулыны қабылдау керек. Мен сізге осы туралы айтып отырмын, - деп жауап берді Қанат Мусин.

БАҚ өкілдері қазір заңды кім әзірлеп жатқанын нақтылады. 

«Әзірге Үкімет әзірлеп жатқан жоқ. Бізде қазір басқа мәселелер де жеткілікті. Мысалы, халықтың әл-ауқатын көтеру және Президенттің жолдауында берген тапсырмалары. Қазір сол бойынша айналысып жатырмыз», - деді министр.

Еске салайық, 3 қарашада Әділет министрі «Тұңғыш президенті туралы заңның» неге күші жойылмағанын түсіндірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама