«Месси әлем чемпионтында жеңіске жетіп, үздік ойыншы екенін дәлелдейді» - 7 жыл бұрынғы болжам
2015 жылы салған пост қазір әлеуметтік желілерге кеңінен тарап, көпшілікті таңдандырып жатыр
АҚШ-тың Даллас қаласының тұрғыны Хосе Мигель Поланко Лионель Мессидің биылғы чемпионаттағы жеңісін бірнеше жыл бұрын болжаған екен. Оның Тwitter парақшасына 2015 жылы салған посты қазір әлеуметтік желілерге кеңінен тарап, көпшілікті таңдандырып жатыр.
Бір қызығы, ол сол постында биылғы футболдан әлем чемпионатын қысқа да нұсқа болжап көрген.
2022 жылдың 18 желтоқсанында 34 жастағы Лионель Месси әлем чемпионтында жеңіске жетіп, үздік ойыншы екенін тағы да дәлелдейді. 7 жылдан соң тексерейік, – деген Хосе Мигель.
Бұл ретте ол тек Мессидің жасынан ғана қателескен, деп хабарлады stan.kz. Өйткені әлем чемпионатында жеңіске жеткен кезде Аргентина құрамасының капитаны 35 жасқа толды. Қалған болжам дәлме-дәл келіп тұр.
Бұл пост Тwitter-де 270 мыңнан аса лайк пен мыңдаған пікір жинады.