АҚШ Украинаның Қырымды қайтара алатынын білдірді

Дастан Жұмабекұлы

Жақында Ресейдің әскери базаларына үш ажал отын шашқан соққы жасалды

фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаның Қырымды қайтара алатын қауқары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Ақ үйдің өкілі Украинаның Қырымды азат етуге қабілетті екенін, бұл үшін оның әскери әлеуеті бар екенін атап көрсетті. Ол мұны Конгресс мүшелеріне айтты. Сонымен бірге кейбір шенеуніктердің бұл мәселені ашық айтуға Ресейдің реакциясынан қорқатынын да білдіре кетті.

Оның айтуынша, АҚШ-тың ресми тұлғалары Украинаның Қырымға кең ауқымды шабуылы Владимир Путинді ядролық қару қолдануға мәжбүр етуі мүмкін екеніне алаңдайды.

Украина әзірге алдына жақын арада Қырымды қайтару мәселесін қойып отырған жоқ, – деп атап өтті Ақ үйдің өкілі Конгресс мүшелерінің сұрағына берген жауабында.

Оның білуінше, Қырымға жорық жасау – болмай қоймайтын тірлік. Алайда ол Украинаның бүкіл соғыс бойына бұл мәселеде тұрақтылық пен табандылық танытып келе жатқанын мойындады.

Бұдан бірқатар уақыт бұрын АҚШ Бас штабының басшысы Марк Милли Қырымды соғыс жолымен қайтарып алудың мүмкіндігі болатынына күмән келтірген еді. Соған қарамастан, Ақ үйдің өкілі Украина Қарулы күштерінің «ұрыс далаларында өздерін соншалықты жақсы ұстайтындарымен әлемді қайран қалдыруды жалғастырып келе жатқанын» айтты.

Жақында Ресейдің әскери базаларына берілген үш ажал отын шашқан соққыны украиндар жіберген дрондар жасады деп есептейді Ақ үйдің өкілдері.