Halyq Uni логотип
×

Дін ешқашан мемлекеттің идеологиясына айналмауы керек, бізде керісінше – Қазақ биі

Дін мемлекетке бағыт-бағдар беруі керек

 Динара Амантай 17.12.2022 | 12:55

Неге Қазақстанда патшаға бағыныңдар деген уағыз қатты жүргізіліп келді? Қазір оның актуалдылығы бар ма? «Сұрауы бар» ашық сұхбат алаңында журналист Ербол Сейілхан өзін қазақ биі деп атайтын Омар Жәлелге осындай сұрақ қойды. Дұрыс жағдайда дін ешқашан мемлекеттің идеологиясына айналмауы керек. Араласты деген сөз арты апатқа әкеледі. Біздікілер осыны ескермеді дейді ғалым.

Біз сол жүйемен әлі өмір сүріп жатырмыз. Екінші мәселе – мемлекет дінге араласпайды деген де өтірік сөз. Тіпті ол дінге бағыт-бағдар беріп отыр. Не айтатынын да қадағалайды. Ал негізінде керісінше дін мемлекетке бағыт-бағдар беруі керек-тін. Дін ешқашан мемлекеттің идеологиялық тетігіне айналмауы қажет. Дін саясатқа айнала бастады ма, арты апат әкеледі. Біздің билік дінге араласты және араласып та келе жатыр, – дейді Омар Жәлел.

Бұдан, әрине, зардап шегетін имамдар қауымы. Бейшаралар былай тартса арба сынады, былай тарса өзі өледінің кебін киіп, қызмет етуге мәжбүр.

Біздің имамдарға өте қиын. Бір жағынан билік қысады, екінші жағынан халық. Мен олардың көбімен сөйлесемін ғой. Көбі айтады: «Билік қадағалайды, ал халық шындықты неге айтпайсыңдар дейді», - деп. Имам кім? Ол - бақилық сана иесі. Бақи деген мәңгі деген сөз. Мәңгі бақи дос болайық деп айтамыз ғой. Біздің өміріміз екіге бөлінеді: бақи және пәни деп. Қазақи социология тілімен айтсақ, өлілер мен тірілердің билігі деп аталады, - дейді ғалым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама