Halyq Uni логотип
×

Әшімбаев қос Палатаның бірлескен отырысынан кейін не өзгеретінін айтты

Осыған байланысты регламентті өзгерту керек

 Дәурен Ерболат 15.12.2022 | 12:32
Әшімбаев қос Палатаның бірлескен отырысынан кейін не өзгеретінін айтты
фото: Абзал Калиев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламент палатарының бірлескен отырысында қаралатын мәселені түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 19 желтоқсанда жоспарланған отырыста Парламенттің жаңа регламентін қабылдау мәселесі қаралады. 

Сайлауға қатысты мәселелер қаралмайды. Референдумда Конституцияға өзгерістер енгізілген. Бұл Мәжіліс пен Сенат арасындағы қатынастарды реттейді. Енді осы процесс оңтайланады. Заңдарды қарау процесі жеделдетіледі. Осыған байланысты біз регламентті өзгертуіміз керек, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы арнайы жұмыс тобы құрылғанын, оған Мәжіліс пен Сенаттың депутаттары енгенін атап өтті. Құжатты қабылдау нәтижесінде Парламенттің жұмысында өзгерістер болады.

«Енді бұл мәселелер Паламент палатарының күн тәрбіне шығарылады. Құжатты қабылдау нәтижесінде біз ішкі процедураларымызды Конституциялық реформаға сәйкестендіреміз. Кейін Мәжіліс заңдарды қабылдап, Сенат мақұлдайды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама