×

Облыс әкімдерінің орынбасарларын көбейту ұсынылды

Ұсынысты ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов жасады

 Дастан Жұмабекұлы 14.12.2022 | 15:36
фото: ашық дереккөз

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов облыс және қала әкімдері орынбасарларының санын көбейтуді ұсынды.

Бұл ұсынысын ол Үкімет отырысында айтты.

Мемлекет басшысының әкімдіктердің функционалдығын қамтамасыз ету және халық үшін неғұрлым маңызды мәселелер бойынша үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмасын уақытында және лайықты орындау үшін өңірлер әкімдері орынбасарларының санын тағы бір адамға көбейтуді ұсынамыз, –  деді Тимур Жақсылықов.

Сондай-ақ ол жергілікті әкімдіктерге орталықтан берілетін қаражаттан басқа қосымша қаржының бөлінетінін, бұл өңірлердің өзін-өзі қамтамасыз етуін және дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама