Halyq Uni логотип
×

Путин Гаага сотына барып үлгермейді –  Ресейдің экс-депутаты

Ол Украинаны жеңетініне сенетін адам қалған жоқ дейді

 Дастан Жұмабекұлы 12.12.2022 | 17:30
Путин Гаага сотына барып үлгермейді –  Ресейдің экс-депутаты
фото: ашық дереккөз

Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Владимир Путиннің Гаага трибуналына жетіп үлгермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Ресей мемлекеттік думасының экс-депутаты Илья Пономарев РФ президентінің өмірі өз жақтастары қолынан үзілетініне соншалықты сенімді болып отыр.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаға қарсы кең ауқымды агрессия жасағаны үшін Гаага сотына жеткізілемін дегенше, өз адамдары қолынан қаза тауып үлгереді, – делінген хабарламада.

Экс-депутаттың айтуынша, Путинге байланысты «үкімді» орындауға барынша ықтимал тұлға-киллер ретінде Шешенстан лидері Рамзан Кадыровты қарастыруға әбден болады. Мұны ол «Гордон» ТВ-да бас редактор Алесь Бацманға берген сұхбатында айтты.

«Оның Гаагада сотталу мүмкіндігі – жүзден бір. Мен оны онда барып үлгермейді деп ойлаймын», – деді экс-депутат.

Ол Путинді пікірлестері оған дейін құртып жібереді деп есептейді.

Бір жағынан оның жанында жүрген адамдарға жаңа билікке өздерін жақтас етіп көрсету керек. Тап сондықтан да мен шүріппені Рамзан Ахматович басып қалуы мүмкін деген болжам жасаймын, – деді Пономарев.

Публицист және саясаттанушы Андрей Пионтковский Ресей әскерлері Херсон облысында жеңіліс тапқаннан кейін Владимир Путиннің айналасында РФ-ның Украинаны жеңетініне сенетін адам қалған жоқ дейді. Ресей тарихшысы және саяси талдаушы Валерий Соловей Кремль қожайынының содан бастап жолы болғыш «балақай» репутациясынан бірден айырылып қалғанын атап өтті. Ал Украина Қарулы күштерінің запастағы полковнигі Олег Жданов та Ресей президентінің ең алдымен шешен көсемінен сақтануы керек екенін айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама