Роналду Португалияның жеңілісіне қатысты ойын айтты
Менің еліме адалдығым бір сәтке де үзілген емес, - дейді ол
Португалия командасы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан 0:1 есебімен ұтылғаннан кейін Роналду Instagram әлеуметтік желісінде командасының жеңілісіне қатысты ойын айтты.
«Португалия құрамасы сапында әлем чемпионатын жеңіп алу менің карьерамдағы ең үлкен арман еді. Мен көп атақ алдым. Ұлттық құрама сапында талай жетістікке жеттім. Бірақ ең үлкен арманыма жете алмадым. Мен сол үшін күрестім. 16 жылда 5 әлем чемпионатында миллиондаған отандасымның қолдауымен ұлы футболшылармен ойнадым. Бар күш-жігерімді жұмсап, бар өнерімді алаңда көрсеттім. Мен ешқашан күрестен бас тартқан емеспін.
Амал не, кеше мен арманымнан айырылдым. Қызбалыққа салынғым келмейді. Көп айтылды, көп жазылды, көптеген спекуляция болды. Бірақ мен Португалияға деген адалдығым бір сәтке де үзілмегенін бәріне айтқым келеді. Мен осы кезге дейін ортақ мақсат үшін күрестім. Ешқашан командаластарым мен елімнен бас тартқан емеспін.
Қазір басқа не айтарымымды білмей отырмын. Рахмет, Португалия! Рахмет, Катар! Арманым барда бәрі тамаша еді... Енді бәрі тынышталып, әркім өзі ой қорытатын шығар», – деді футболшы.
Енді ол 2026 жылы Португалия АҚШ пен Канадада өтетін әлем чемпионатына жолдама алса, жасыл алаңға шығуы мүмкін. Ал ол кезде футболшының жасы 41-де болады.