Halyq Uni логотип
×

Немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмауы керек – Даниал Ахметов

Комитет өкілдері бірнеше әкімшілік айыппұлдар жазумен ғана шектелген

 Динара Амантай 12.12.2022 | 11:20
Немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмауы керек – Даниал Ахметов
Фото: Halyq Uni

Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті Риддер қаласын қыс мезгілінде қатып қалу қаупіне ұшыратты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Айтуынша, қалалар мен аудандардың әкімдерімен жылумен жабдықтау мәселесі бойынша кеңес өткен. Оған Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілі қатысқан.

Биыл сәуір айынан қыркүйекке дейін осы ведомствоның мамандары Риддер жылу электр орталығында болмағанына назар аударғым келеді. Алайда 15 қыркүйекте бейінді министрлікке хат жолданды. Онда станцияның жылу маусымына толық дайындығы туралы хабарлады. Дабыл қағудың, прокуратураға жүгініп, жабдықтың ауыр жағдайы жылу маусымының бұзылуына әкелуі мүмкін деп айтудың орнына, комитет өкілдері бірнеше әкімшілік айыппұлдар жазумен ғана шектелді. Бүгінде департамент Риддер ЖЭО басшылығы 4 және 5 қазандық агрегаттарының жөнделгені туралы хат жолдап, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жабдығы бар қалқан өрті туралы ақпаратты жасырып, оларға теріс ақпарат жолданғанын мәлімдейді, – деді Даниал Ахметов.

Әкімнің пікірінше, ведомство осы әрекетімен жұмысқа деген өздерінің дәрменсіздігі мен немқұрайлылығын танытып отыр.

Өзге энергетикалық объектілерді қалайша тексеріп, баға беретіні күмән тудырады. Олар өздерінің әрекетсіздігінен бүкіл қаланы қыс мезгілінде қатып қалу қаупіне ұшыратты. Мұндай немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмауы керек деп санаймын, – деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама