Halyq Uni логотип
×

«Дикий Арман» өзіне қатысты істің артында Ресейдің тұрғанын мәлімдеді

Олар мені 20 жылға бас бостандығымнан айырумен қорқытты, - дейді

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2022 | 12:26
«Дикий Арман» өзіне қатысты істің артында Ресейдің тұрғанын мәлімдеді
фото: ашық дереккөз

Журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында «Дикий Арман» атанған қылмыскер Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты жаңа дерек жарияланды.

Онда Арман Жұмагелдиевке тағылған айыптың өзгергені, енді оның «тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, адам ұрлады, тонау, қаруды заңсыз сатты және ұрлады» деген күдікке ілінгені айтылған.

Ал «Дикий Арман» өзіне қатысты іске Ресейдің араласқанын алға тартып отыр.

Бас прокуратура ісімнің артында Қазақстан ғана емес, Ресей де тұрғанын айтты. Мұның себебі әлі белгісіз. Әңгімеміздің соңы – тағылған айыппен келісетін болсам, іс сотқа дейін жетеді. Келіспеген жағдайда жаңа айып тағылуы мүмкін екен. Олар мені 20 жылға бас бостандығымнан айырумен қорқытты, - дейді ол.

Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев өзіне еш қатысы жоқ келеңсіздіктер үшін айыпталып жатқанын дәлелдеуге тырысып жатыр. Айтуынша, кәсіпкер Қайрат Құдайберген екеуі қаңтар оқиғасында адамдарды бейбітшілік пен тыныштыққа шақырған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама