Halyq Uni логотип
×

Алматыда жаңа жылдық безендіруге 600 млн теңге жұмсау көзделген

Тұрғындар оны кейін қоқысқа кететін бос ысырапшылдық деп отыр

 Еркеғали Болатұлы 09.12.2022 | 12:08
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 600 млн теңге жұмсау көзделген
фото: Тимур Батыршин

Мемлекеттік сатып алу порталында Жаңа жыл мерекесіне орай Алматы қаласын безендіруге шамамен 600 млн теңге жұмсалатыны жарияланды.

Өйткені қала әкімдігі екі жылдық карантиндік шектеулерден кейін мерекелік атмосфераны жандандыруды мақсат еткен. Айтуларынша, қаланың басты шыршасы Абай алаңына орнатылады.

Сондай-ақ қаланың әр ауданына бөлек шырша қойылғалы жатыр. Көшелер де тақырыптық шағын архитектуралық формалармен, иллюминация және фотоаймақтармен безендіріледі.

Бұл ретте Жаңа жылды мерекелеуге кететін шығынның нақты көлемі арнайы конкурс аяқталған соң белгілі болады. Ал кейбір тұрғындар оны кейін қоқысқа кететін бос ысырапшылдық деп отыр. Олардың пікірінше, орталыққа жақсы безендірілген бір-екі алаң жасаса да жетеді. Дені қаражатты дұрыс жұмсап, шыршаның орнына әлеуметтік салаларға көбірек көңіл бөлу керектігін меңзеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама