Шахталарда апат жиілеп, жұмысшылар қаза тауып жатыр
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмысына шектеу қою мәселесі қаралатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мысалы, бүгін де компанияға тиесілі өндірісте тағы бір жұмысшы қаза тапты.
Министр көз жұмған жұмысшының отбасына көңіл айтты.
Шынында да «Арселор Миттал Теміртаудың» жұмысы қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр. Қаза тапқан жұмысшының жақындарына ғана емес, бүкіл қазақстардықтарға ауыр, - деді Қайырбек Өскенбаев.
Оның айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда әр министрліктегі 70-тен аса маман жұмыс істеп жатыр.
«Оның қорытындысы жақында жарияланады. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатал шешімдер қабылданайын деп жатыр. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме, осындай сұрақ қойылып отыр», - деді министр.