Министр тұрғын үй бағасына қатысты болжамын айтты
Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан тұрақталатынына қатысты болжамын айтты.
Министр құрылыс материалдарын шығаратын жаңа 35 кәсіпорын ашылатынын айтты. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.
Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді, - деді Бейбіт Атамқұлов «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында.
Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.
Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.
Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр, - деп түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.