×

«Қоғамдық бақылау арқылы қысым жасаймыз» - Ерлан Саиров Екібастұз апатына акционерлердің жауап беруін қадағаламақ

Жазықсыз адам сотталып кетпеуі керек

 Динара Амантай 02.12.2022 | 17:27

Жазықсыз адам сотталып кетпеуі керек. Екібастұз апатынан кейін тексеру жұмыстарының бұрмаланып кетпеуін Мәжіліс депутаттары бақылауға алмақ. Депутат Ерлан Саиров «Сұрауы бар» YouTube-арнасына берген сұқбатында осылай деп, бұл оқиғаны бастан-аяқ бақылауына алатынын айтты. Әйтпесе, Александр Клебанов бастаған ЖЭС қожайындары орта буын жұмысшыны барлығына кінәлі етіп жіберуі мүмкін.

Екібастұздағы апат жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстанның айырмашылығын көрсетеді. Ескі Қазақстан дегеніміз –  халықтың мүң-мүддесін қорғамайтын, былайша айтқанда бүкіл ауыртпалығын, қиналып жатқанына назар аудармайтын, өзінің қалтасын қампита беретін топтар. Ал жаңа Қазақстан дегеніміз – мысалы Екібастұздың халқы қиналып жататын болса, соны көріп көмектесіп, оларға қол ұшын беріп, халықпен бірге болып, әділеттілікті қалыпқа келтіру. Міне, философиялық тұрғыдан Екібастұз сол жолайырық деп айтуға болады, –  дейді депутат.

Депутаттың пікірінше, жауапты адамдар заң жүзінде жауапқа тартылатын болса, бұл Жаңа Қазақстанның жеңісі болады. 

«Сол жерде Клебановпен сөйлестім, прокуратура өкілдеріне нақты сұрақ қойдық. Ертең кінәлілерді іздеген кезде сол кәсіпорынның орта бел бір адамдарын тауып алып, мәне осылар кінәлі деп шығарасыздар. Неге акционердің жауапкершілігін қарастырмайсыздар? Қаржының ағындары қайда кетеді, Ірі жөндеу жұмыстарын кім жүргізеді? Оның бәрін сол жердегі алпауыттар шешеді. Сондықтан Екібастұзда жағдай үшін ең бірінші кәсіпорынның меншік иелерінің жауапкершілігін қарастыру керек. Мен бақылаймын, қоғамдық бақылау арқылы қысым жасаймыз», –  дейді Ерлан Саиров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама