Halyq Uni логотип
×

«Әкем бір жарым жыл араласпай кетті». Мұхит Амантаев балаларымен арасы алшақтағанына бұрынғы әйелін кінәлады

Qazaq boxing залының жаттықтырушысы Мұхит Амантаевпен сұқбат

 Наима Нұрәлі 02.12.2022 | 14:54

Qazaq boxing залының жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Амантаев біршама уақыт бокстан қол үзіп кеткеннен кейін бапкерлікке қалай оралғанын айтып берді.

«Астана қаласы ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасақта 4 жыл жұмыс істедім. Жұмысты бар ынта-шынтаңмен істемеген соң, үстіңдегі форма жүрегіңді қысқанда қалай жұмысыңды жалғастырасың? Жұмыстан шыққаныма әкем ренжіп, 1,5 жыл араласпай қойған. Өйткені пәтер ақысы бар, несие төлеймін, әйелім жүкті еді. Сонда әкеме ол жұмыстан жаным қысылатынын жеткіздім. Таксилетсем де, көлік жусам да... Бірақ арнайы жасақта екінші мәрте істемейтінімді айттым. Қайта боксқа ораламын дедім. «Жұрт 31 жасында боксты қойып жатса, сен шал болып қайта бастамақшысың ба?» деп сөкті әкем», – деп тарқатты спортшы.

Мұхит Амантаев жеке өміріне қатысты бұрын-соңды жария етпеген жайттарға тоқталды. Бапкер әйелімен ажырасып кеткен, арада үш бала бар. Ол кейінгі кезде қоғамда ажырасу белең алғанын айтып, жастарды кешірімді болуға шақырды.

«Жұбайым жалақыма қарамай, әрқашан қолдады. 31 жасымда боксты қайта бастадым. Түбі бәрі орнына келер. Бір жақын досым үйленіп, жыл өтпей ажырасып кетті. Әйелі «қоңырау шалғанымда телефон көтермеді» деп кетіп қалыпты. Мұндай мысалдар көп. Бұрынғы әйелім мені балаларымнан алшақтатты. Дегенмен, бұрынғы жарыма тек қана алғыс айтамын. Қазір балаларымның жағдайын жасап отырмын. Титтей де болса кешірім мен махаббат болса, бәрі жақсы болады», – деді Мұхит Амантаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама