×

«Біртановқа жаныңыз ашымай ма?»: Ажар Ғиният сотталған экс-министрге қатысты сұраққа жауап берді

Сот шешімімен экс-министр Елжан Біртанов 5 жылға сотталған еді

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 14:22
фото

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сотталған экс-әріптесі Елжан Біртановқа қатысты ойын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттағы Үкімет сағатынан шыққан ведомство басшысына журналистердің бірі: «Жақында Елжан Біртанов (бұрынғы денсаулық сақтау министрі) пен Олжас Әбішевке (денсаулық сақтау экс-вице-министрі) қатысты сот процесі аяқталды. Сіз сот үкімін қалай қабылдыңыз? Әріптестеріңіз сотталғанда жаныңыз ашыған жоқ па?», деп сұрақ қойды.

Ажар Ғиният журналистің «сот процесі аяқталды» деген пікірімен келіспейтінін жеткізді.

Мен сізбен (сот процесі бітті – автор) келіспеймін. Менің ойымша, біз – зайырлы және құқықтық мемлекетпіз. Сот үкімі шыққанымен, сот бітті дегенді білдірмейді. Сондықтан шағым түсірілді, іс әлі қаралады. Біз сот процесін тек бақылап жүрген жоқпыз, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысып жүр, - деді Ажар Ғиният.

Еске салайық, 28 қазанда Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке сот үкімі шықты. 9 қарашада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама