×

«Айдос Ербосынұлының комаға түсуіне бапкері кінәлі». Мұхит Амантаев нокаутқа түскен кәсіпқой боксшы туралы айтты

«AQ сөйле» жобасының кезекті қонағы - Qazaq boxing залының жаттықтырушысы Мұхит Амантаев

 Наима Нұрәлі 02.12.2022 | 12:55

Qazaq boxing залының жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Амантаев Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында Қазақстанда боксқа бөлінетін қаражаттың басқа спорт түрлерімен салыстырғанда тым аз екенін ашып айтты.

«Боксқа қарағанда футбол, хоккейге қаржы көп бөлінеді. Бапкерлерінен бастап спортшыларына дейін қымбат көлік мінеді. Неге бокс бапкерлері солай жүрмейді? Менде сондай мүмкіндік болса, бокстан чемпион болған қазақ балаларына бір-бір неміс көлігін сыйлар едім. 2005 жылы Англияға жасөспірімдер арасында чемпионатқа барғанда, үстімізде қарапайым эпикировка болмады. Соны өзіміз сатып алатынбыз. Жағдай бар ғой, неге соны жасамайды?!», – деп ашынды Мұхит Амантаев.

Жаттықтырушы сұқбат барысында АҚШ-та өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы туралы да айтты. Ол Куба боксшысының ауыр соққысынан кейін комаға түскен Айдос Ербосынұлының жарақаты бапкердің қателігінен болғанын айтады.

Еске салайық, 6 қарашада кубалық Давид Моррел қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлын нокаутпен жеңді. 12-раундтағы нокауттан кейін Айдос Ербосынұлын шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Боксшы «миына қан кету» диагнозымен жасанды комаға түсіп, оған операция жасалды.

1 желтоқсанда қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы әлеуметтік желіде комадан шыққанан кейінгі алғашқы фотосын жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама