Halyq Uni логотип
×

Ұлыбритания Қазақстанға санкция енгізуге ниетті емес - СІМ

Маргарет Ходждың мәлімдемесіне қатысты тараптар видео-кездесу өткізді

 Айнұр Шошаева 05.03.2022 | 13:38
Ұлыбритания Қазақстанға санкция енгізуге ниетті емес - СІМ
Маргарет Ходж, коллаж

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін мәлімдеді.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен видео-кездесу өткізді, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті қабылдады.

СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында тараптар Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге қайтару бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдарды талқылағаны айтылған.

«Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады. Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша өзара түсіністік толық расталды және екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді және жан-жақты дамытуға өзара дайындық білдірілді», делінген ақпаратта.  

Еске сала кетейік, 1 наурызда Ұлыбритания парламентінде Ресейге қарсы санкцияларды талқылау кезінде депутат Маргарет Ходж «Ресейдің қолдауына» байланысты Қазақстан мен Әзірбайжанға санкциялар енгізу қажет деп мәлімдеген еді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мәлімдеме жасап, АҚШ санкцияларының Ресей экономикасына бағытталғанын және олардың басқа елдердің, соның ішінде Қазақстан экономикасына әсерін азайтуға арналғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама