×

Соғыс жақын айларда біздің жеңісімізбен аяқталады – Зеленский

Президент АҚШ-тың қару-жарақтарының қайда жаратылып жатқанын тексеруіне болатынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2022 | 15:17
фото: tv8.md

Украина президенті Влдимир Зеленский Ресеймен соғыстың жақын айларда өздері үшін жеңіспен аяқталатынын айтты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Зеленский The New York Times, DealBook Summit басылымдарына берген сұхбатында өзінің осыған үміт артатынын жеткізді.

Соғыс біз жеңіске жеткен кезде немесе Ресей Федерациясы осыны қалаған кезде аяқталады. Мүмкін бұл Ресей өзінің әлсіз екенін, оқшау қалдырылғанын және бұл мәселеде өзін қолдайтын ешкімнің қалмағанын сезінген кезде болатын шығар. Біз соғысты жақын айларда аяқталады деп сенгіміз келеді, – деді Украина президенті.

Зеленский егер Украина бұл соғыста шыдас бере алмаса, ұрыс қимылдарының басқа елдердің территорияларына қарай ауысатынын, Ресей жеңіске жете қалса, онымен тоқтамайтынын, тағы да да басқа мемлекеттерді басып алуға әрекет жасайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, президент АҚШ-тың өзі беріп жатқан қару-жарақтарының қайда жаратылып және пайдаланылып жатқанын тексеруіне болатынын, бірақ көмек көрсетуін тоқтатпауы керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама