Halyq Uni логотип
×

«Көресіздер ғой...» - Көлгінов өзінің отставкасы туралы сыбысқа пікір білдірді

Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап барлық әкімдер өз өкілеттіктерін өткізіп береді

 Еркеғали Болатұлы 27.11.2022 | 10:10
«Көресіздер ғой...» - Көлгінов өзінің отставкасы туралы сыбысқа пікір білдірді
Фото: Владислав Воднев

Қазір әлеуметтік желіде «Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалады» деген қауесет тарап жатыр. Ал оған қатысты елорданың қазіргі әкімі Алтай Көлгіновтің өзі түсініктеме бере алмайтынын айтты.

Барлығын уақыт көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер, Конституция бойынша, заң бойынша президент қызметіне кіріскен сәттен бастап барлық әкімдер өз өкілеттіктерін өткізіп береді. Одан кейінгісін мемлекет басшысы шешеді, көресіздер ғой. Уақыт төреші. Біз ел мүддесі үшін, қоғам үшін қызмет етуге әрдайым дайынбыз. Мемлекеттік қызметтің де бар мәнісі осында, - деді Алтай Көлгінов.

Ал Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек болса, өзінің Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалғаны туралы қауесетті жоққа шығарған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама