×

Қалай болғанда да Қырымды қайтармай қоймаймын –  Зеленский

Түбекті соғыссыз қайтарып алсақ, үлкен жеңісіміз сол болады, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 14:47
фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым түбегін азат ету үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты.

Қырымды елге қайтару, азат ету – алдағы уақыттың еншісінде. Қалай болғанда да Қырымды қайтармай қоймаймын. Дегенмен түбекті соғыссыз қайтарып алсақ, үлкен жеңісіміз сол болады. Ал егер келіссөзде Қырымды Ресейдің құрамына қалдыру туралы мәселе көтеріліп, аннексияны заңдастыру туралы ұсыныс болса, біз оған ешқашан келіспейміз. Біз өзіміздің барлық жерімізді қайтарып алуымыз керек. Майданда, соғыста дипломатия болмайды. Егер біз жерімізді түгел қайтарып алмасақ, соғыс уақытша ғана тоқтатылады. Оның қашан басталатынын уақыт көрсетеді. Ресейге сенім жоқ, –  деді Зеленский.

Украина президентінің айтуынша, соғыс Ресей басып алған жерлердің бәрін қайтарып, екіншілей қайтып соғыс ашпаймыз деп бүкіл жер жүзіне уәде бергенде ғана бітеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама