×

Тоқаев ҰҚШҰ саммитінде Украинадағы соғысқа қатысты ойын айтты

Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2022 | 09:56
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды.

Украина мәселесіне келер болсақ, бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Ыстанбұлдағы келіссөз раунды үміт сыйлаған еді. Бірақ түрлі себептермен келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек, – деді президент.

Мемлекет басшысы ұйым аясындағы іс-әрекетті одан әрі дамытуға байланысты бірқатар ұсыныс айтты.

Сессия қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама