×

«Ақталуға хақымыз жоқ»: Месси Аргентинаның жеңілісі туралы айтты

Біз өзімізге сенімді болғаннан кейін ұтылдық, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 14:30
фото: matchtv.ru

Лионель Месси футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Сауд Арабиясы құрамасынан жеңілген Аргентина командасының ойыны туралы айтты.

Сауд Арабиясынан жеңіліп, психологиялық соққы алдық. Чемпионатты осылай бастаймыз деп ойламаған едік. Біз өзімізге сенімді болдық. Үш ұпай алып, жанымыз тыныш болсын дедік. Бірақ бәрінің оңай бола қоймайтынын көрдік. Біз қарсыласымызды жақсы біліп, ойнадық. Голды тез салдық. Содан кейін тағы да қақпаны дәл көздедік. Алайда төреші біздің ойыншыларды ойыннан тыс қалды деп голдарды есепке алмады. Соған қарап, әлі де гол саламыз деп ойладық. Сондай ой болғаннан кейін қателестік. Біздің жеңілісіміз сондай ойдан болды, – деді Месси.

Одан әрі аргентиналық команданың Сауд Арабиясы құрамасының «қақпанына» түсіп қалғанын, қарсыластарының екі гол салып, қорғаныста сауатты ойнағанын атап өтті.

«Енді ақталуға еш хақымыз жоқ. Бізге көп жұмыс істеп, жағдайды реттеу керек. Сауд Арабиясы –  мықты құрама. Оны алаңда дәлелдеді. Мұндай жағдай біраздан бері болмаған еді. Енді Аргентина құрамасы мықты ұжым екенін алдағы кездесулерде дәлелдеуі керек. Қателіктер ескеріледі. Мақсатымызға жету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Менің жағдайым жақсы. Бірақ, нәтижеге көңілім толмай жүр», –  деді Месси.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама