РФ осы кезге дейін 829 «Искандер» ракетасын пайдаланған
Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Ресейдің үш рет жойқын шабуыл жасауға ғана жететін ракеталары қалғанын есептеп шығарды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Зымырандардың қорын қайта жасап алу үшін Ресейге 14-16 ай шамасында уақыт керек болады. Ал ол Ресейдің әртүрлі типті ракеталарды пайдалануы жөніндегі мәліметтердің инфоргарфикасын көрсетті.
Қазір Ресей ракеталары арсеналының төрт жауы бар: Украинаның әуе шабуылына қарсы күштері, Ресейдің жосықсыз ракета әскері, санкциялар, уақыт. Біз әлемде бейбітшілік орнату үшін террорлық мемлекеттің милитаризациясын жоямыз! – деп жазды ол Twitter-де.
Оның айтуынша, Ресей осы кезге дейін 829 «Искандер» ракетасын пайдаланған. Енді оның 119-ы қалған (13%). Сол сияқты, 3М-55 Onyx-тың әлі 74 пайызы, С-300-дің 87 пайызы бар.
«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, РФ қараша айының ортасындағы әлеуетті жағдайы бойынша үш рет жойқын күшпен атқылай алады.