×

Пандемия медициналық білім сапасын төмендетіп жіберді – министр

Енді елдегі медициналық ЖОО-лар білім сапасын көтеруі шарт

 Дәурен Ерболат 22.11.2022 | 12:15
фото: ашық дереккөз

Коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстанда медициналық білім сапасы төмендеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әрине, COVID-19 пандемиясы медициналық білім сапасына кері әсерін тигізді. Көптеген студент қашықтан білім алды. Сондықтан биыл студенттер оқығандарын қайталап жатыр әрі оқу сапасын арттыру керек. 2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық университеттер өздерінің кітапханаларын, ассимиляциялық орталықтарын жаңарта алатындай етіп, грант құнын көтерді, - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ журналист министрден «Астана медицина университетінің студенттері арасында жүргізілген анонимді сауалнама нәтижесінде жоғару оқу орнының сапасыз білім бергені расталса, министрлік не істейді?», - деп сұрады.

«Тиісті қатаң шаралар қабылданады», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама