×

Ресеймен соғысты жеңіспен аяқтаймыз – Украинаның Қорғаныс министрлігі

Біз соңына дейін барамыз, – деді ведомство басшысының орынбасары

 Дастан Жұмабекұлы 20.11.2022 | 11:49
фото: ашық дереккөз

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Владимир Гаврилов Ресеймен соғыстың алдағы көктемге қарай аяқталатынын айтты. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.

Гаврилов мұны Sky News-ке берген сұхбатында жария етті. Ол украин күштері биылғы желтоқсан айының соңына дейін Қырымға оралады деп есептейді. Генерал-майор Ресей тарапынан өте төменгі мөлшерде ядролық шабуылдың болуы мүмкін екенін айта отырып, оның зардаптары бола қоймайтынына сенім білдірді. Украина қарулы күштері енді РФ тарапынан болатын кез келген шабуылға қарсы тұрып, оккупанттар басып алған территориялардың бәрін қайтармақ.

Қазір украин қоғамында бір ғана шешім бар. Біз соңына дейін барамыз, – деді ол.

Осының алдында Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников 2022 жылдың соңына дейін украиндарды майдандағы ахуал туралы «жақсы жаңалықтармен» қуантатын күн туатынын мәлімдеген еді. Бірақ ол соғыстың қашан аяқталатынын әзір айта алмайтынын жеткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама