Halyq Uni логотип
×

НАТО-ның Польшадағы оқиғаға қатысты шешімі жарияланды

Айып Украинаға емес, соғысты бастаған Ресейге тағылады, – деді саясаткер

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2022 | 12:19
НАТО-ның Польшадағы оқиғаға қатысты шешімі жарияланды
фото: ашық дереккөз

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Польшада екі адамның өмірін жұлып кеткен РФ ракетасына қатысты альянстың позициясымен таныстырды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

Ол Солтүстік альянс елдері өкілдерінің арнайы отырысынан кейін болған брифингте жария етілді.

Столтенберг ракетаның шығу тегі туралы айта келіп, альянстың ендігі іс-әрекеті қандай болатынын түсіндірді.

Польша территориясына келіп түсіп жарылған снаряд – Украина Әуе қорғанысы күштерінікі. Алайда бұл төтенше жағдайға байланысты айып Украинаға емес, осы зұлым соғысты бастап берген Ресейге тағылады, – деді  саясаткер.

Екінші жағынан, осы снарядты бағыттаған Ресейді Польша тарапына қасақана түсірді деп есептеу қиын. Олай болса, Ресейдің әрекетін НАТО елінің территориясына жасалған шабуыл ретінде де қабылдауға болмайды.

Болашақта мұндай «инциденттерге» жол бермеу үшін НАТО Польша аспаны үстіне бірнеше қосымша Әуе қорғанысы қаруы жүйелерін қоятын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама