Ол мемлекет басшыларын РФ-ның соғысын тоқтатуға шақырды
Украина президенті Владимир Зеленский бейнебайланыс арқылы Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан G20 саммитінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатуға шақырып, үндеу жолдады.
Ресейдің жойқын соғысын тоқтату керек. Соғысты тоқтататын уақыт келді, – деді Зеленский.
Оның айтуынша, Ресей Украинаның аумақтық тұтастығын сақтауға кепілдік беріп, өз әскерін әкетуі керек. Әскерді әкеткен соң, Украинаға барлық шығынды өтеу керек. Содан кейін барып, соғыстың біткені туралы келіссөздерге отыруға болады.
Зеленский «Минск-3» деген келісімінің болмайтынын да ескертті.
«Минск-3» келісімі болмайды. Себебі осыған дейін нәтиже бермеген «Минск-1» және «Минск-2» деген келісімдер болған», – деді ол.
Сонымен бірге ол Ресейге барлық тұтқындарды алмастыруды ұсынды.
Ресей президенті Владимир Путин G20 саммитіне онлайн қатысудан бас тартты. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің мұндай шешімін Путиннің жұмыс кестесіне байланысты қабылданғанын түсіндірді. Қазір саммитке Ресейдің атынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысып жатыр.