2021 жылы Қазақстанда 114 мың тұрмыстық орлық-зомбылық фактісі тіркелген
Елімізде тұрмыстық-зорлық зомбылық жасайтын азаматтармен түзету бағдарламасын жүзеге асыру керек. Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Кристоф Мор еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Фридрих Эберт атындағы бес жылдан бері еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін зерттеп жүр. Zertteu Research Institute интитутымен бірлесіп, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске жұмсалатын қаражатты бағалау және талдау жүргізді.
2021 жылы елде 114 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркеліп, жәбірленушілердің берген 3 шағымның тек біреуі ғана сотқа жеткен.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық өте маңызды мәселе. Елестетіп көріңізші, көшеде келе жатып еш себепсіз бір адамға қол жұмсайтын болсам, түрмеге отырғызады. Яғни қылмыс жасағаным үшін жазаланам. Ал егер үйке келіп әйелімді соққыға жықсам, ол қылмыстық құқықбұзушылық болып саналмайды. Әйел адам – жиһаз, зат емес, ол – адам. Сондықтан тұрмыстық құқықбұзушылық үшін жазаны криминализацияламауды абсурд деп есептеймін, – деді Кристоф Мор.
Оның пікірінше, жазаны күшейту қылмыстың қайталануына әкелуі мүмкін. Сондықтан, бұл мәселені мұқият зерттеген жөн деп есептейді.
«Бірақ ол қандай нәтижеге алып келеді, тұрмыстық құқықбұзушылық азая ма, бұл жауабы белгісіз үлкен сұрақ. Себебі әйеліне қол көтеріп, жазаланған адам қайтып келіп сол қылмысын қайталауы мүмкін. Мораль тұрғысынан бұл қылмыс. Алайда жазаны күшейту қаншалықты дұрыс болады, қоғамдағы проблеманы қаншалықты шешетінін айту қиын», – дейді.
Өткен жылы елімізде отбасылық зомбылықпен күреске 4,5 млрд теңге бөлінген, алайда оның тек 1,5 млрд теңгесі ғана отбасылық зорлықтың алдын алу мен күреске жұмсалды.
«Біз Қазақстанда осы мәселені бірнеше жылдан бері зерттеп келеміз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған азаматтармен түзету бағдарламасын жүргізу қажеттілігін көріп отырмыз. Сондықтан біз бұл проблеманы шешудің екі деңгейін атап өтеміз. Біріншісі – нормативтік жағынан, екіншісі – проблемаға іскерлік-саяси жағынан қарау. Яғни, аталған проблеманың экономикалық залалы қандай болады деген сұрақтың жауабын іздеу керек. Бұл тақыбыпты зерттеу ауқымы кең. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан болатын экономикалық есептерді жасау көп уақыт пен ресурсты қажет етеді», – деді сарапшы.
Айта кетейік, ІІМ мәліметіне сәйкес, былтыр 114 мың адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша полицияға жүгінді. Оның 37 мыңы ғана сотқа жетіп, ал 17 мыңы ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Әкімшілік жаза 2 сағаттан 3 тәулікке дейін қамау түрінде болды. Яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам осындай жаза алады. Сондай-ақ былтыр 1 мың қылмыстық құқық бұзушылық болды, ол Қылмыстық кодекстің аясында тергелетін ауыр істер. Талдау кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 3 шағымның тек біреуі ғана сотқа дейін жететін көрдік. Жиі кездесетін негізгі себептің – бірі жәбірленушілер шағымын қайтып алады. Тек алты шағымның біреуі ғана әкімшілік қамау түрінде жазаланады. Яғни, біз бұдан жасалған зорлық үшін берілетін жаза сәйкес келмейді. Бұл жәбірленушілерді құзырлы органдарға шағымдануға мотивация бермейді. Өздерінің қорғансыз әрі жүйенің оларды қорғауға кепілдік бермейтінін көрген соң райынан қайтады», – деді ertteu Research Institute интитутының директоры Шолпан Әйтенова.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 1 млн баланың тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жүргенін жазған едік.