×

Жастарға мүмкіндік бермейміз – Тоқаев

Тоқаев партия құрылымындағы академия жұмысын күшейтуді тапсырды

 Халық үні 01.03.2022 | 15:18
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan съезінде партияластар ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған жөн екенін айтты.

«Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы - бірден-бір кедергі.  Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл - біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет», - деді партия төрағасы.

Партия төрағасы орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгін Nur Otan партиясының атауы «Аманат» деп өзгерді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Президент партия атауына қатысты өзгертуді қолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама