Halyq Uni логотип
×

Ресей идеологы Дугин Херсон үшін мәлімдеме жасады

Ол Путинді өлтіруді ұсынды

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2022 | 10:21
Ресей идеологы Дугин Херсон үшін мәлімдеме жасады
фото: proyectopuente.com.mx

Ресей насихатының идеологы Александр Дугин армияға Херсонды тастап шығуға рұқсат бергені үшін Путинге өлім жазасын қолдану керек дейді. Бұл туралы Дугин өзінің «AGDchan» телеграм-арнасында айтты.

Ресей оккупант әскерлерінің Херсоннан шегінулері РФ халқының қатты ашу-ызаларын туғызып жатыр. Ел насихатының идеологы Александр Дугин ресейлік барлық саясаткерлер мен олигархтардың арасынан жұрт алдында бірінші болып РФ президенті Владимир Путиннің көзін жою жөнінде сөз қозғады. Ол Ресейдің басқыншы армиясының Украинаның Херсон қаласын тастап шыққанын кешіре алмайтынын айтты.

Дугин Путиннің билік тізгінін ұстаған уақытын патшалық құрумен тең санап, ағылшын эволюционисі Джордж Фрезердің «Алтын бұтақ» деген туындысында суреттелген билеушіге ұқсатады. Ол кітапта жаңбыр жаууына ықпал жасай алмаған патшаны құрғақшылық кезінде өлтіріп тастау практикасы болғанын мысалға келтіріп, Украинамен соғыста басымдықты қарсы жаққа беріп қойған Путинді де осы кезде өлтіру керектігін айтады.

«Билік. Ол бәрі үшін жауапты. Самодержавиенің мағынасын неде, бізде ол қандай? Біз билеушінің қолына шексіз билік беріп қойдық. Ол біздің бәрімізді, халықты, мемлекетті, адамдарды, азаматтарды сын сағаты соққан сәтте құтқарады. Егер ол бұл үшін маңайын нәжіске толтырып алса немесе әлеуметтік әділдікке түкірер болса, бұл қолайсыз нәрсе, бірақ бәрібір құтқарады. Ал егер құтқармаса ше? Онда – оны «жаңбыр патшасының» тағдыры күтеді. Фрезердегі «жаңбыр патшасы» қажетті маусымында жаңбыр шақырып алуы тиіс-тін. Егер жаңбыр келмей қойса, жұрт патшаны жай өлтіре салатын».

Сарапшылардың пікірінше, бұл жай ғана мәтін емес, бұл – өзінің міндетін дұрыс атқара алмай отырған Путиннің көзін жою жөніндегі бірінші жария, ашық мәлімдеме.

Биылғы жазда Александр Дугиннің өзі секілді идеолог-фанат қызының өз көлігінде жарылып кеткені белгілі. Оны Ресей билігі украин кекшілдеріне қарай сілтесе де, көптеген сарапшылар екі ортаға от сала беру үшін РФ арнайы қызмет органдарының ұйымдастырғанына көбірек күдік келтірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама