Halyq Uni логотип
×

Ресей Херсон үшін соғыста жаңа тәсілге көшті

РФ армиясы енді ұрыс қимылдарының тағы бір кезеңін бастап жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 11.11.2022 | 11:03
Ресей Херсон үшін соғыста жаңа тәсілге көшті
фото: zmina.info

Украинаның Херсон жері үшін соғыс толық аяқталған жоқ. Ресей армиясы енді ұрыс қимылдарының жаңа кезеңін бастап жатыр.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Соғысты зерттеу институты (ISW) қазір Херсон бағытындағы Ресей әскерлері үшін басыңқы басты нәрсе өз күштерін Днепрдің арғы бетіне ұйымдасқан түрде шығарып алу мен украин армиясына төтеп беру болып тұрғанын атап көрсетті.

Украин әскерлері өткен айларда Ресей әскерлерінің көбірек шоғырланған жерлеріне мақсатты түрде соққылар беріп отырды. Харьков облысында бұл өзінің лайықты жемісін берді. Соның нәтижесінде ол жаудан салыстырмалы түрде тез азат етілді.

Тамыздың басында басталған Херсон бағытындағы қарсы шабуылды да украин әскерлері жан-жақты ойластырып жүргізуге көшті. Мұнда ілгері жылжу біршама қиын жағдайда жүргізілгенімен, айтарлықтай табыс болмады.

Ресей БАҚ-тары РФ күштерінің әкетілуі әдейі ойластырылғанын, жағдайдың өзі соған мәжбүр етіп отырғанын айтуда. Шетелдік сарапшылар да мұнда Кремльдің әлдеқандай арандатушылығы, жымысқы әрекеттері жоқ екенін, украин әскерлерін тұзаққа түсіру жоспарының ізі көрінбейтінін ашып айтып жатыр.

Сонымен бірге, кері шегіне бастаған Ресей әскерінің украиндардың қарқындарын басып тастауға, олардың қимылдары баяу болуына әсер етуге ұмтылып жатқандары да байқалады.

Дегенмен, Херсонның оң жағалауы үшін болып жатқан соғыс әлі толық аяқталған жоқ.

Не дегенде де, бұл облыстағы әрекеттер соғыстың жалпы тағдырын шешіп беруге өте зор әсер ететін болады.

Британия барлауы Ресей армиясының Херсон облысының оң жағалаудан кетуі әлі бірнеше күнге созылатынын айтады. Оның хабарлауынша, РФ әскері қорғаныс позициясын сақтай отырып, артиллериядан атқылау арқылы өздерін қорғау жолымен жүргізеді.

Бүгін Николаев облысының Баштан ауданында украин әскерлері Снигировка қаласын жаудан азат етті. Кеше ғана мұнда қырғын соғыс болған еді.

Украина қарулы күштері Херсон жеріндегі Красный Маяктағы дұшпан штабын дәл атқылау арқылы 50 оккупанттың көзін бірден жойып жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама