Ол енді Путиннің отставкасын талап етпейтін болды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздің шарты ретінде Владимир Путиннің билік басынан кетуін талап етуден бас тартты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина президеніт Владимир Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуді бастау үшін Владимир Путиннің биліктен кетуі талабын тізімнен шығарып тастады. Мұның өзі АҚШ тарапынан «жеңіл сілку» жасалғаннан кейін мүмкін болды, – деп жазды Politico.
Украина Зеленскийдің талаптарын 8 қараша күні мәлім етті. Ол бес тармақтан тұрады. Мұның қатарында 1) Украинаның территориялық тұтастығын қалпына келтіру; 2) БҰҰ-ны құрметтеу; 3) шығындардың төлемақысын төлеу; 4) соғыс қылмыскерлерін жазаға тарту; 5) қайта шабуыл жасалмайтынына кепілдік беру бар.
Politico-ның хабарлауынша, бұл жолғы жаңартылған талаптардың арасында бұрын айтылып келген Ресей президенті Владимир Путиннің қызметінен кетуі керектігі мәселесі жоқ болып шықты.
Зеленский Ресей қыркүйектің соңында Украинаның төрт облысын аннексиялап алғаннан кейін Путин президенті болып отырған Мәскеу билігімен ешқандай келіссөз жүргізбейтінін бірден айтқан болатын.
«Біз Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз. Бірақ енді басқа президентпен жүргізетін боламыз», – деді ол сол кезде.
Зеленскийдің офисіндегілер мұны Киевтің келіссөзден бас тартпайтынымен, бірақ келіссөз үстеліне отыратындар арасында Путиннің болмауы керектігімен, себебі Украинаның Ресейден басып алған территорияларынан әскерлерін алып кетуді талап етіп отырғанымен түсіндірген еді.
Путин бұған дайын ба? Әрине, жоқ. Егер солай болса, біздің конструктивті бағалауымыз бойынша, енді тек Ресейдің келесі президентімен сөйлесетін боламыз, – деп атап өтті Михаил Подоляк.
Украинаның бұл позициядан бас тартуына күні кеше Киев пен Вашингтон арасындағы келіссөз жүруінің, сондай-ақ АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның Киевке арнайы жұмыс сапарымен келіп кетуінің тікелей әсері болды.
«Бірақ бұл оларға дәл қазір келіссөз үстеліне отыра қалуды меңземейді. Біз Ресейдің соңғы күндері не істеп жатқанын көріп отырып, қазіргі уақытты бұған қолайлы деп есептемейміз», – деп атап өтті АҚШ-тан келген жоғары лауазымды тұлға.
Ресей өз кезегінде алдын ала ешқандай шарттарды ұсынбай тұрып-ақ Украинамен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
«Біздің тарапымыздан, Украинаның ізгі ниет көрсеткенін тілеуден бөлек, алдын ала айтылатын ешқандай шарт жоқ», – деді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко.