Біз жақын арада Иранды азат етеміз – Байден
АҚШ Парсы шығанағына әскери ұшақтарын аттандырды
Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден Иранда 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталған жаппай наразылықтарға қатысты пікірін білдірді.
Ол Калифорния штатында Конгрестің аралық сайлауы алдында өткен Демократиялық партияның іс-шарасында «Иранға азаттық берілсін!» деген смартфондағы хабарламаны көріп, «Иранды жақын арада азат етеміз» деп мәлімдеді.
16 қыркүйекте Иран астанасы Тегеранда 22 жастағы Махса Эминидің қамауда қайтыс болуы ел Үкіметіне қарсы наразылық тудырды. Қазір елде наразылық шерулері тоқтаған жоқ. Шерулер екі айға жуықтады.
Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ қарулы күштерінің басшылығы Иранға қарай соғыс ұшақтарын аттандырды.