Путин Украинамен келіссөз жүргізгісі келіп отыр - Лавров
Батыс елдері Ресейге тиімді ұсыныс жасаса, бір үстелдің басына отырып сөйлесуге болады, - деді ол
Ресей президенті Владимир Путин Украина билігімен келіссөз жүргізіп, соғысты тез бітіруге ынталы болып отыр.
Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің «Бірінші арна» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Біз Батыстағы әріптестерімізбен келіссөз жүргізуге дайынбыз. Егер олар әңгімеге шақырса, кез-келген мәселені шешуге болады, – деді ол.
Оның айтуынша, Батыс елдері Ресейге тиімді ұсыныс жасаса, бір үстелдің басына отырып сөйлесе алады. Алайда, Батыс мемлекеттері РФ-ға тиімді ешқандай ұсыныс айтқан жоқ.
Ал АҚШ бастаған Батыс елдерінің басшыларының айтуынша, дәл қазір Путинмен сөйлесудің қажеті жоқ. Путин соғысты ресейліктерге белгілі бір дәрежеде жеңіске жеткендей етіп көрсететіндей жағдайда аяқтағысы келеді. Ал бұған Украина көнгісі келмейді.
Осы мәселеге байланысты Украина президенті Владимир Зеленский кеше Ресей әскерлерін түгел украин жерінен әкетпейінше, келіссөз турасында әңгіме болудың өзі мүмкін емес екенін қадап айтты. Оның пікірінше, Ресей элитасы түгелдей майдандағы жағдайды, онда Путиннің жеңіліп жатқанын, оның ұсынысының нағыз ақымақтық болып көрінетінін жақсы біліп отыр. Путиннің Ердоған мен Си Цзиньпинді мақтаулары оларға ешқандай әсер беріп жатқан жоқ. Себебі, екеуі де өз бағаларын жақсы біледі. Оның үстіне, Қытай мен Түркия Путиннің өз әрекеттерімен ақырындап елді тарауға алып келе жатқан қадамынан негізгі пайда табушы бенефициарлар болғалы тұр. «Валдайда» сөйлеген сөзінің өзі Путиннің Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарт Ұйымы форматындағы кездесуде барынша ашық сөйлеуге дайындалып жатқанын байқатады.
Зеленский осының алдында да Қырымды да қайтарып алмай, келісімге келмейтінін әлденеше рет мәлімдеген болатын.